Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған салтанатты іс-шара
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында қызметкерлерді, ардагерлер мен қонақтарды құрмет, алғыс және ұрпақтар сабақтастығы рухында біріктірген салтанатты іс-шара өтті. Іс-шараға қатысушыларға мемлекеттік мерекелерге орай шынайы құттықтаулар жолданды. Отан қорғаушылар күні ерлік пен абыройдың, қызметке адалдықтың, сондай-ақ ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында аянбай еңбек етіп жүрген барлық азаматтардың, оның ішінде қызметтік борышын […]