Академия жанындағы Диссертациялық кеңес жұмысының жаңа кезеңі: Құқық қорғау органдары қызметіндегі зерттеулердің қолданбалы сипатына басымдық
2026 жылғы 16 ақпанда Академия ректоры Н.М.Әбдіров Диссертациялық кеңес мүшелерімен кездесті. Кеңес құрамына білім беру ұйымының қызметкерлерімен қатар белгілі заң ғылымдарының докторлары А.Н.Ахпанов, А.М.Нұрмағамбетов, Н.О.Дулатбеков және Е.Н.Бегалиев енген. Кездесу барысында ректор Кеңес мүшелерін құттықтап, докторлық диссертацияларды ұйымдастыру және қорғау үдерісін қамтамасыз етудегі олардың қызметінің маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ Кеңеске жүктелген ерекше рөлге және қабылданатын шешімдердің […]