No Picture
Жаңалықтар

ХАБАРЛАМА

«Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінің қызметкерлері үшін жоспардан тыс аттестаттау өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 16.04.2025 жылғы №50 бұйрығына сәйкес Құқық қорғау органдары академиясы Академия ректорымен тағайындау жүзеге асырылатын жоғары тұрған басшылық лауазымдарға өсіру үшін жоспардан тыс аттестаттау өткізудің басталғаны туралы хабарлайды (орталық бастығы, кафедра меңгерушісі, институт директорының орынбасары). Құқық қорғау органдары […]

Жаңалықтар

«Өмір үшін жүрек»: Дүниежүзілік балаларқатерлі ісігіне қарсы күрес күніне орай қайырымдылық донорлық акция

2026 жылғы 13 ақпанда Дүниежүзілік балалар қатерлі ісігіне қарсы күрес күні аясында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институты «Өмір үшін жүрек» атты қайырымдылық донорлық акциясының бастамашысы болды. Іс-шара Республикалық трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының базасында өтті. Институттың оқытушылары мен білім алушыларыауыр дертке шалдыққан балаларға көмек көрсету мақсаты […]

Жаңалықтар

Астанада оқушылармен құқықтық сауаттылық мәселелері бойынша кездесу өткізілді

2026 жылғы 13 ақпанда Астана қаласының Фариза Оңғарсынова атындағы №77 мектеп-гимназиясында «Заң мен тәртіп» қағидаттарын ілгерілету шеңберінде құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған 9-11 сынып оқушыларына арналған профилактикалық іс-шара өтті. Кездесуге мектеп басшылығы мен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары Академиясының ВҒЗИ өкілдері — Н.К. Мырзабаев пен Д. К. Қайыржанова қатысты. Спикерлер вандализм, бұзақылық, есірткі […]

Жаңалықтар

Магистранттарға арналған бинарлы дәріс: Қылмыстық құқық бұзушылықтарды  саралаудың теориясы мен практикасы

2026 жылғы 13 ақпанда Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында «Қылмыстық құқық бұзушылықтарды  саралаудың теориясы мен практикасы» тақырыбында «Тұлғаға қарсы қол сұғушылықтарға қарсы іс-қимыл» пәні бойынша магистранттар үшін бинарлы дәріс сабағы өтті. Сабақты академияның Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының доценті, философия докторы (PhD), әділет аға кеңесшісі С.А. Августхан өткізді. Сабақ […]

Жаңалықтар

Академия магистранттары Қосшы қаласының оқушыларына профилактикалық дәріс өткізді

2026 жылғы 11 ақпанда «Құқықтық көмек» жобасы аясында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының магистранттары Қосшы қаласының IT мектеп-лицейіне барды. Жоғары сынып оқушылары үшін құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған профилактикалық дәріс өткізілді. Есірткі қылмыстарының алдын алу мәселелері қарастырылып, кәмелетке толмағандарды есірткі құралдарының заңсыз айналымына тарту тетіктері және заңда көзделген […]

Жаңалықтар

Конституция және құқықтық мәдениет: Қосшы жастарымен диалог

«Заң мен тәртіп» идеологемасын ілгерілету және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының «Құқықтық көмек» жобасын іске асыру шеңберінде Қосшы қаласы әкімдігінің Тілдерді оқыту орталығында «Күнделікті өмірдегі Конституция» тақырыбында ашық диалог өтті. Іс-шараға Академия өкілі, білім алушылар, сондай-ақ жастар мен уәкілетті мемлекеттік органдардың қызметкерлері қатысты. Қатысушылар құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заңға құрметпен қарау және азаматтық жауапкершілікті […]

Яндекс.Метрика