Жаңалықтар

Заңды дефиницияларды қалыптастыру принциптері мен тәсілдері

2025 жылғы 1 және 8 қазанда Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Ғылыми даму мектебінің базасында «Ғылыми зерттеулерді жүргізу әдістемесі» курсы аясында «Заңды дефиницияларды қалыптастыру әдістемесі» және «Аналитикалық дефиницияларды құрудың практикалық тәсілдері» тақырыптарында сабақ өтті. Сабақты Академия Орталығының бастығы Станислав Жижис жүргізді. Талқылау барысында тыңдаушылар доктриналық тәсілдер мен заңды дефиницияны әзірлеудің ерекшеліктерін […]

Жаңалықтар

Адам саудасына қарсы іс-қимыл: прокурорларға арналған мамандандырылған тренинг

2025 жылғы 1-2 қазан аралығында Петропавл қаласында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы Астанадағы ЕҚЫҰ-ның Бағдарламалар офисімен бірлесіп Солтүстік Қазақстан облысының прокуратура қызметкерлері үшін оныншы өңірлік семинар өткізді. Семинар барысында қатысушылар осы санаттағы қылмыстарды тергеуге байланысты заманауи сын-тегеуріндерді талқылады.  Сарапшылар құрбандардың құқықтарын қорғау басымдық болып табылатын құрбандарға бағытталған тәсілдің маңыздылығын, сондай-ақ ведомствоаралық […]

Жаңалықтар

Бас әскери прокуратураның жас қызметкерлерін кәсіби даярлау курстары басталды

Бүгін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында Бас әскери прокуратураның жас қызметкерлеріне арналған бір айлық кәсіби дайындық курстары басталды. Бағдарлама прокуратура органдарының кадрлық әлеуетін нығайту жөніндегі мемлекеттік саясат шеңберінде ұйымдастырылған. Оқыту әскери прокурорлардың күнделікті жұмысына қажетті базалық білім, біліктілік және дағдыларды қалыптастыруға бағытталған. Бір ай бойы тыңдаушылар дәріс сабақтары, тренингтер мен іскерлік […]

Жаңалықтар

  Прокуратура қызметкерлері үшін гендерлік-бағдарланған кадр саясаты жөніндегі тренинг туралы

Құқық қорғау органдары академиясында «Қазақстан прокуратурасы органдарындағы гендерлік-бағдарланған кадр саясаты» тақырыбында екі күндік тренинг өтті. ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар кеңсесімен және Бас прокуратураның Кадрлық жұмыс департаментімен бірлесіп ұйымдастырылған іс-шараға барлық аумақтық және оларға теңестірілген прокуратуралардың кадр қызметтерінің өкілдері жиналды. Тренингтің ашылуына Академия проректоры Маралбек Ешімов, ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар кеңсесі басшысының орынбасары Юрий Фенопетов, Бас прокуратураның Кадрлық […]

Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры лауазымына Нұрғалым Мәжитұлы Әбдіров тағайындалды. Нұрғалым Мәжитұлы 1967 жылы дүниеге келген. 1991 жылы  «Құқықтану» мамандығы бойынша Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін аяқтаған. Еңбек жолын 1991 жылы Қарағанды қаласы Совет ауданы прокуратурасының тергеушісі қызметінен бастаған. Бірнеше жыл Бас прокуратураның бірнеше […]

Жаңалықтар

Академия қызметкерлері қарттарды құттықтады

Халыаралық қарттар күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының қызметкерлері Ұлы Отан соғысының ардагері Нұрғасым Әжітаевтың үйіне барды. Ардагер 1925 жылы 1 қаңтарда Семей облысы Сарқымас ауылында туған. Жастайынан ашаршылық жылдарының сынақтарынан өтіпкен. 1943 жылы Новосібірдегі мергендер мектебін бітіріп, майданға аттанады. Курск доғасындағы шайқастарға, Берлинге шабуылға және Жапонияға қарсы соғыс қимылдарына […]

Яндекс.Метрика