
Прокуратура органдарына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке және экономикалық тергеу қызметіне алғашқы кәсіптік даярлыққа қабылданған кандидаттар үшін хабарландыру
2025 жылғы 19 маусымда Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының (бұдан әрі — Академия) ғимаратында ведомствоаралық қабылдау комиссиясының отырысы өтті. Ведомствоаралық комиссия кандидаттардың қабылдау емтихандарындағы қорытынды бағаларын, жеке істерін, психофизиологиялық зерттеу деректерін және полиграфологиялық зерттеулердің деректерін зерделеу нәтижелері бойынша құқық қорғау органдарының кадрлары мәлімделген қажеттілікке сәйкес алғашқы кәсіптік даярлықтан өтуге келесі кандидаттарды […]