Қазақстан әйелдер көшбасшылығын нығайтуда: халықаралық конференция қорытындысы
Бүгін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар кеңсесімен бірлесіп ұйымдастырған «Әйелдердің бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлі» атты халықаралық конференция өтті. Академия ректоры Марат Сексембаев іс-шараны аша отырып Қазақстанның гендерлік теңдік пен қауіпсіздік мәселелеріндегі халықаралық ынтымақтастығын нығайтудағы маңыздылығын атап өтті. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат […]