Болашақ прокурорлар Республика күні қарсаңында мәдени мұрамен танысты
Құқық қорғау органдары академиясының алғашқы кәсіби даярлық курстарының тыңдаушылары Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ұлттық музейі мен Әскери-патриоттық орталығында болды. Сапар 1990 жылы Қазақ КСР-нің Мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның қабылдануына орай жыл сайын 25 қазанда атап өтілетін Қазақстан Республикасының күніне орайластырылды. Болашақ прокурорлар қазақ халқының, қазіргі Қазақстан аумағында өмір сүрген тайпалары мен халықтарының мәдени дамуының куәсі […]