Соттардағы мемлекеттік айыптаушылар біліктілігін арттырады
Құқық қорғау органдары академиясында алқабилердің қатысуымен соттарда мемлекеттік айыптауды қолдауға маманданған прокуратура қызметкерлері үшін бір апталық біліктілікті арттыру курсы басталды. Бағдарлама шеңберінде қатысушылар сот процестерін жүргізу тактикасының негізгі аспектілерімен танысады, дәлелдеу тәсілдері бойынша білім алады, сендіру және көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын меңгереді. Сот залында психологиялық әсер ету техникасына және жанжалдарды шешуге ерекше назар аударылатын болады. […]