Жаңалықтар

«Қазіргі заң ғылымын дамыту: теория және практика» VІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

Дәстүр бойынша, Ғылым қызметкерлері күніне орай Құқық қорғау органдары академиясы «Қазіргі заң ғылымын дамыту: теория және практика» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді. Жетінші форум Әзербайжан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстан жоғары оқу орындарының ғылыми және заң қоғамдастығының өкілдері, тәжірибешілер, докторанттар мен магистранттарды жинады. Академия ректоры Марат Сексембаев кіріспе сөзінде мемлекеттің дамуындағы ғылымның маңызды рөлін […]

Жаңалықтар

Қазақстан Республикасындағы адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық жаттықтырушылар

Бүгін адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы ұлттық жаттықтырушыларды даярлау жобасы аяқталды. 2023 жылғы қыркүйектен бастап Құқық қорғау органдары академиясы Халықаралық көші-қон ұйымымен бірлесе отырып, INL/АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігінің қаржылық қолдауымен сот жүйесінің, прокуратураның, ұлттық қауіпсіздік және полиция органдарының ведомстволық жоғары оқу орындарынан ұлттық жаттықтырушыларға кандидаттарды оқытуды жүргізді. Әзірленген оқу модульдерінің презентациясына және ұлттық жаттықтырушылардың сертификаттарын тапсыру […]

Жаңалықтар

Прокурорлар мен полицейлер мобильді құрылғылардың цифрлық криминалистика дағдыларына үйренді

Технологияның жедел дамуы және қылмыстық әрекеттің киберкеңістікке, әсіресе мобильді құрылғылар мен интернет арқылы өтуі жағдайында құқық қорғау органдары үшін мамандандырылған оқытудың шұғыл қажеттілігі туындады. Ол үшін ағымдағы жылдың 8-12 сәуір аралығында Құқық қорғау органдары академиясы Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің қолдауымен прокуратура және ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін «Мобильді құрылғылардың цифрлық криминалистикасына кіріспе» тақырыбында оқу курсын өткізді. […]

Жаңалықтар

Академияның білім алушылары Жоғары Сот Кеңесінің семинарына қатысты

Ағымдағы жылдың 11 сәуірінде Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінде Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының магистратурасы мен докторантурасының білім алушыларына арналған «Қалай судья болуға болады» тақырыбында семинар өтті. Оқу іс-шарасы тыңдаушыларды судьяларды іріктеу тәртібі туралы ақпараттандыруға және сот жүйесіне білікті заңгерлерді тартуға бағытталған. Семинарды заң ғылымдарының докторы, Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі Е.Н. Бегалиев ашты. […]

Жаңалықтар

Ғылым қызметкерлері күніне орай Академияда Қазақстандағы тұңғыш Ғылыми даму мектебі құрылды

Ғылым қызметкерлері күнін мерекелеуге орай Құқық қорғау органдары академиясы Қазақстан Республикасындағы алғашқы Ғылыми даму мектебінің ашылғанын хабарлайды. Жаңашыл ғылыми-білім беру алаңы жаңадан бастағандарды да, бұрыннан қалыптасқан зерттеушілерді де ғылыми жетістіктерге ұмтылуда қолдау көрсету үшін құрылған. Мектеп Академия қызметкерлерінің және барлық мүдделі тұлғалардың ғылыми және білім беру әлеуетін дамытуды, ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз етуді, ұлттық және шетелдік […]

Яндекс.Метрика