Гендерлік-сезімтал кадр саясаты бойынша тренинг басталды
Бүгін Құқық қорғау органдары академиясында гендерлік-сезімтал кадр саясатын қалыптастыру мәселелеріне арналған екі күндік тренинг басталды. Тренингті Академия ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар кеңсесінің қолдауымен әйелдердің бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысуына бағытталған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау шеңберінде ұйымдастырды. Іс-шараға Бас прокуратураның кадр қызметтерінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Сот әкімшілігінің, Қорғаныс және төтенше […]