Парламент Сенатында құқықтық білім беруді дамыту мәселесі талқыланды
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің бастамасымен заң білімінің сапасын арттыру және одан әрі дамыту мәселелері бойынша Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Іс-шараны Парламент Сенаты, Бас прокуратура және Құқық қорғау органдары академиясы ұйымдастырды. Жетекші ғалымдарды, Бас прокуратураның, Ғылым және жоғары білім, Ішкі істер министрліктерінің, Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігі […]