Адам саудасына қарсы күрес жөніндегі халықаралық форум
Бүгін Орталық Азия елдерінде адам саудасының алдын алу тетіктерін жетілдіру мәселелеріне арналған халықаралық дөңгелек үстел өз жұмысын аяқтады. Шараны Құқық қорғау органдары академиясы Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисімен бірлесіп ұйымдастырды. Форумға Қазақстан Президенті Әкімшілігінің, құқық қорғау органдарының, Орталық Азия аймағындағы үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың, Қырғызстанның Жогорку Кенешінің өкілдері және АҚШ, Швеция және Таиланд сарапшылары жиналды. […]