Академия жұмысының қорытындысы Ғылыми кеңестің отырысында шығарылды
Ғылыми кеңестің кеңейтілген отырысында 2023 жылдың өткен кезеңінде Құқық қорғау органдары академиясының құрылымдық бөлімшелерінің жұмыс қорытындылары туралы есептер қаралды. Оның жұмысына Бас Прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев, Академия ректоры Марат Сексембаев, сондай-ақ жоғары оқу орнының құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен профессорлық-оқытушылық құрам қатысты. Отырыста ғылыми білім беру және қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері талқыланып, бейінді институттар басшыларының есептері тыңдалды. […]