No Picture
Хабарландыру

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы Жалпы біліктілік талаптары: С-5 санаты үшін: жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару; жұмыс тәжірибесі талап етілмейді. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас […]

Жаңалықтар

«Ана үйі» қоғамдық қорының Дағдарыс орталығындағы консультациялық сессия.

2023 жылғы 9 қазанда Құқық қорғау органдары академиясының профессор-оқытушылар құрамы мен магистранттары «Ана үйі» қоғамдық қорының дағдарыс орталығына барды. Бұл орталықта өмірдің қиын жағдайларына тап болған әйелдер баспана мен көмек табады. Олардың көпшілігі жақындарының қолдауының жоқтығынан қиын жағдайға тап болған жас аналар. Сапардың негізгі мақсаты заңдылық мәселелері бойынша кеңес беру, нормативтік құқықтық актілерді іске асыру, […]

Жаңалықтар

Бас прокуратура қызметкерлерінің болашақ құқық қорғаушыларды оқытуы

Құқық қорғау органдары академиясының шақыруымен Бас прокуратураның Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің қызметкерлері ЖОО тыңдаушылары үшін бірқатар оқыту дәрістерін өткізді. Іс-шаралар болашақ құқық қорғау органдарының кәсіби білімі мен дағдыларын тереңдетуге бағытталған. Көшпелі дәріс аясында діни қызмет саласындағы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау мәселелеріне басты назар аударылды. Мамандар экстремизм мен терроризмді насихаттайтын материалдарды анықтау міндеттерін егжей-тегжейлі қарастырды. […]

Жаңалықтар

Құқық қорғау органдары академиясы жасөспірімдер арасында нашақорлықтың алдын алу бойынша жобаны іске қосты

Синтетикалық препараттар соңғы жылдары алаңдаушылық туғызып, адамдардың, әсіресе жастар мен жасөспірімдердің денсаулығына елеулі қауіп төндіруде. Осы өзекті мәселеге жауап ретінде Құқық қорғау органдары академиясы нашақорлық мәселесі туралы Астана оқушыларын оқыту және олардың білімдерін кеңейту жөнінде бастама көтерді. 4 қазанда Академия «Дені сау жастар: «синтетикаға» қарсы жоба» бағдарламасын іске қосты, оның шеңберінде 8-11 сынып оқушыларына профилактикалық […]

Жаңалықтар

Бас прокуратураның сотқа дейінгі тергеу қызметі басшысының қонақ дәрісі

Құқық қорғау органдары академиясында Сотқа дейінгі тергеп — тексеру қызметінің бастығы (бұрын — Арнайы прокурорлар қызметі) Ризабек Ожаров пен 1-Қызмет басқармасының бастығы Самат Утибаев алғашқы даярлық тыңдаушыларымен кездесті. 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Ризабек Кәрімұлы Ожаров арнайы прокурорлар институтының құрылу тарихы мен дамуының негізгі кезеңдерін айтып берді. Лектордың айтуынша, бүгінгі таңда арнайы прокурорлар жоғары қоғамдық қауіпті […]

Жаңалықтар

Киберқылмысты тергеу бойынша тренинг

Құқық қорғау органдары академиясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және Қаржы мониторингі агенттіктерінің қызметкерлері үшін оқыту іс-шарасы өтті. БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасымен бірлесіп ұйымдастырылған тренинг виртуалды активтерді пайдалана отырып, киберқылмыс туралы қылмыстық істерді тергеу ерекшеліктеріне арналған. Оқыту шеңберінде криптовалюталарды пайдалана отырып жасалған киберқылмыстарға қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері талқыланды. Жаттықтырушылар ретінде БҰҰ ЕҚБ-ның киберқылмысқа қарсы […]

Яндекс.Метрика