Қоғамның есірткіге қарсы іс-қимылдарының мемлекеттік-құқықтық тетіктері талқыланды
Нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері Құқық қорғау органдары академиясында өткен «Қоғамның есірткіге қарсы іс-қимылдарының мемлекеттік-құқықтық тетіктері» халықаралық дөңгелек үстелде талқылаудың басты тақырыбына айналды. Бұл қатерге қарсы күрес әрқашан ұлттық басымдықтардың қатарына кірді, мемлекеттік бағдарламалық құжаттарда және Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауларында көрініс табады. Диалог алаңы іс-шараға қатысушылардың әртүрлі көзқарастарын шоғырландыруға мүмкіндік берді. […]