Қоғамдық мүдделерді қорғау саласындағы прокурорлық қадағалау
Құқық қорғау органдары академиясында «Қоғамдық мүдделерді қорғау саласындағы прокурорлық қадағалау» тақырыбында прокуратура органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың екі апталық курсы аяқталды. Бұл әлеуметтік-экономикалық салада қадағалауды жүзеге асыратын қызметкерлер үшін ұйымдастырылған алғашқы оқыту шарасы. Курс бағдарламасында-балалар мен әйелдердің, бизнес субъектілерінің құқықтарын қорғауға, қоршаған ортаны, жануарлар дүниесін қорғауға және т.б. байланысты өзекті тақырыптарды, сондай-ақ оқытудың инновациялық әдістерін зерделеу. […]