Қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша криминологиялық форум
22 ақпан 2019 жыл. Бүгін Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша заң жобасының тұжырымдамасын талқылауға арналған Криминологиялық форумның кезекті отырысы болып өтті. Оның жұмысына Парламент депутаттары, Президент Әкімшілігінің, Жоғарғы Соттың, Бас прокуратураның, Конституциялық Кеңестің, Премьер-Министр Кеңсесінің, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, БАҚ өкілдері, адвокаттар, ғалымдар, […]