
Жаңалықтар
Тиімді басшы болуға көмек ретінде
Құқық қорғау органдары академиясында Президенттік резервте тұрған қызметкерлер үшін кезекті кәсіби қайта даярлау курстары басталды. Іс-шараға Президент Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімі меңгерушісінің орынбасары Қанат Сейдғапбаров қатысты. Бағдарлама аясында тыңдаушылар мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағыттарын, басшылық қызметтегі аналитикалық жұмыстың негіздерін, жаппай наразылық және террористік акциялар кезінде келіссөздер жүргізу тактикасының ерекшеліктерін, басқарудың заманауи технологияларын оқып үйренетін болады. […]