Жаңалықтар

Білім берудегі жасанды интеллект: Құқық қорғау органдары академиясы оқытушыларға арналған семинар өткізді

Бүгін Құқық қорғау органдары академиясында «Жоғары оқу орындарында әлеуметтік-гуманитарлық пәндерді оқытуда жасанды интеллектті қолдану» тақырыбында семинар-практикум өтті. Іс-шара К. Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетімен бірлесіп ұйымдастырылып, заманауи технологияларды білім беру процесіне біріктіруге мүдделі оқытушылар, зерттеушілер мен мамандар жиналды. Семинардың басты мақсаты оқытуда ЖИ қолдану әдістерін зерделеу және игеру болды, бұл оқыту сапасын арттыруға және […]

Жаңалықтар

Прокурорлық қадағалау жұмыс үстінде: болашақ заң қорғаушылары қалай оқытылады?

Құқық қорғау органдары академиясы болашақ прокурорларда қадағалау қызметінің практикалық дағдыларын қалыптастыратын білім беру бағдарламаларын дамытуды жалғастыруда. Оқу процесі шеңберінде алғашқы кәсптік даярлық тыңдаушылары Астана қаласы Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына барды. Көшпелі сабақ прокурорлық қадағалау теориясымен танысып қана қоймай, оның іс жүзінде қалай жүзеге асырылып жатқанын көруге мүмкіндік берді. Болашақ прокурорлар УҰИ жұмысын ұйымдастыруды, ұсталғандарды […]

Жаңалықтар

Активтерді қайтару: құқық қорғау органдарына арналған практикалық ұсынымдар

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Активтерді қайтару жөніндегі комитетінде Құқық қорғау органдары академиясы жүргізген «Активтерді қайтару туралы қылмыстық істер бойынша дәлелдемелердің жеткіліктілігі: теориялық және қолданбалы аспектілер» тақырыбындағы ғылыми зерттеу нәтижелерінің тұсаукесері өтті. Іс-шараға Комитет басшылығы мен қызметкерлері, сондай-ақ қылмыстық процесс және халықаралық ынтымақтастық саласындағы мамандар қатысты. Ұсынылған материалдар теориялық талдаудың өзектілігі, тереңдігі және әзірленген ұсыныстардың қолданбалы […]

Жаңалықтар

Азаптауды тергеу жөніндегі курс аяқталды: прокурорлар жаңа білім мен дағдыларға ие болды

Бүгін Құқық қорғау органдары академиясында «Азаптау туралы қылмыстық істер бойынша тергеу және қадағалауды жүзеге асыру дағдылары» тақырыбы бойынша прокуратура қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың бір апталық курсы аяқталды. Курстың мақсаты прокурорлардың азаптау туралы қылмыстық істерді тергеу және қылмыстық процеске қатысушылардың конституциялық құқықтарының сақталуын қадағалауды қамтамасыз ету дағдыларын жетілдіру болды. Бағдарлама аясында қатысушылар құжаттандыру, жедел ден қою, азаптауды […]

Жаңалықтар

Академиядағы «Жоғары мәртебелі қонақ»

«Ата Заң – тәуелсіздік тірегі» ұлттық жоспарын іске асыру аясында Құқық қорғау органдары академиясының Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институты «Жоғары мәртебелі қонақ» жобасы аясында қонақ дәрісін ұйымдастырды. Спикер ретінде Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Төрағасының орынбасары, заң ғылымдарының кандидаты Бақыт Маратович Нұрмұханов сөз сөйледі. «Конституциялық Соттың адам және азамат құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы рөлі» […]

Жаңалықтар

Шах және мат! Прокуратура қызметкерлері арасындағы  турнирдің қорытындысы 

Бүгін Құқық қорғау органдары академиясында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, 2-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Мақсұт Сұлтанұлы Нәрікбаевтың туғанына 85 жыл толуына орай прокуратура органдарының қызметкерлері арасында шахматтан турнир аяқталды. Мақсұт Нәрікбаев Бас Прокурор, Жоғарғы Соттың Төрағасы және КАЗГЮУ ректоры лауазымдарын атқара отырып Қазақстанның құқықтық жүйесін дамытуға, прокуратура органдарының қызметін жетілдіруге және сот жүйесін реформалауға елеулі […]

Яндекс.Метрика