No Picture
Жаңалықтар

Астанадағы Халықаралық заңгерлер конгресі

2025 жылғы 22–23 мамырда Астанада «Қазіргі әлемдегі заң, құқық және әділеттілік» тақырыбында Халықаралық заңгерлер конгресі өтті. Шараны Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы ұйымдастырды. Конгресс Қазақстанның Түркі сот-құқықтық даярлау желісіндегі төрағалығына және Академияның 10 жылдығына орай өткізілді. Конгресс БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы, ЕҚЫҰ, Халықаралық көші-қон ұйымы, АҚШ-тың Қазақстандағы Елшілігі, сондай-ақ […]

Жаңалықтар

Академия магистратура мен докторантураға қабылдау шарттарын түсіндірді

2025 жылғы 18 мамырда Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының өкілдері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлерімен кәсіптік бағдар беру кездесуін өткізді. Іс-шара Академияның магистратурасы мен докторантурасына оқуға түсу тәртібі мен артықшылықтарын түсіндіруге арналды. Кездесу барысында Академия өкілдері құжаттарды қабылдау мерзімі (ағымдағы жылдың 1 сәуірінен 25 шілдесіне дейін), […]

Жаңалықтар

Академия магистранттары Ташкентте өткен халықаралық конференцияға қатысты

2025 жылғы 15 мамырда Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының магистранттары Ташкент Мемлекеттік заң университетінің базасында өткен «Қылмыстық сот ісін жүргізуді жаңғырту: сотқа дейінгі сатыдағы соттық қадағалау» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысты. Конференцияда магистранттар Р.М. Мұқанова, Е.М. Әбілда және Ж.Н. Файзоллаева баяндама жасап, алаяқтықты, есірткі қылмыстарын тергеу, сондай-ақ жеке адамға қарсы қылмыстар үшін […]

Жаңалықтар

Құқықтық даму жолындағы академиялық диалог: Қазақстан мен Түркия күш біріктіруде

2025 жылғы 21 мамырда Астана қаласында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы мен Түркия Әділет академиясы өкілдерінің кездесуі өтті. Кездесуде қазақстандық тарапты Құқық қорғау органдары академиясының ректоры Марат Сексембаев таныстырды. Түркия делегациясын Түркия Әділет академиясының президенті Бекир Алтун басқарып келді. Сондай-ақ Түрік делегациясының мүшелері қатарында Стамбул қаласындағы Анатолий сотының бас прокуроры Зафер […]

Жаңалықтар

Құқық қорғау органдары академиясы мен Әзірбайжан прокуратурасы ғылыми-білім беру ынтымақтастығын кеңейтуде

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ғимаратында Түркі сот-құқықтық дайындық желісіне төрағалық ету және Академияның 10 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Заң, құқық, қазіргі әлемдегі әділеттілік» Халықаралық заңгерлер конгресі аясында Әзірбайжан Республикасы Бас прокуратурасының Ғылыми-білім беру орталығының өкілдері Талыб Джафаров және Амир Оджагвердиевпен кездесу өтті. Өз сөзінде Академия ректоры Марат Сексембаев соңғы жылдары […]

Жаңалықтар

Академия оқытушыларының біліктілігін арттыру

2025 жылғы 12-16 мамыр аралығында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында Педагогикалық шеберлік мектебі шеңберінде «Оқыту дағдыларын дамыту және жетілдіру»тақырыбында оқытушылар үшін біліктілікті арттыру курсы өтті. Курс бағдарламасы Академияның профессорлық-оқытушылық құрамының кәсіби деңгейін арттыруға, педагогикалық құзыреттілікті дамытуға және заманауи білім беру тәсілдерін енгізуге бағытталған. Бес күн ішінде қатысушылар заманауи білім беру тәсілдеріне […]

Яндекс.Метрика