Жаңалықтар

Дропперлікті тергеу: Академия практикалық алгоритмдерді енгізді

Дропперлікті тергеу алгоритмдері Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің және оның аумақтық департаменттерінің қызметкерлеріне Құқық қорғау органдары академиясы өткізген сабақ шеңберінде ұсынылды. Сабақты Академияның бас ғылыми қызметкері Талғат Маханов және Академияның аға оқытушысы Болатбек Мусапиров өткізді. Оның негізі ҚР Қылмыстық кодекстің 232-1-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтарды тергеу бойынша ведомствоаралық әдістемелік ұсынымдар болды. Зерттеу нақты тергеу сценарийлерін […]

Жаңалықтар

Қылмыстық процесте сот төрелігін іске асыру мәселелері талқыланды

Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының докторанттары «Сот билігі және қылмыстық процесте сот төрелігін іске асыру» тақырыбында бинарлық дәріске қатысты. Іс-шараға Академияның арнайы заң пәндері кафедрасының профессоры, қауымдастырылған профессор Виталий Хан және Ташкент мемлекеттік заң университетінің қылмыстық-процестік құқық кафедрасының профессоры Дилбар Суюнова спикер ретінде қатысты. Дәріс барысында сот төрелігін жүзеге асырудың теориясы мен практикасы, […]

Жаңалықтар

Академия қызметкерлері аға буынға құрмет көрсетті

Халықаралық қарттар күні қарсаңында Құқық қорғау органдары академиясының қызметкерлері Ақмола облысының Қосшы қаласы мен Тайтөбе ауылының тұрғындарына барды. Арнайы сапар Қосшы қаласының әкімдігі мен жергілікті Ардагерлер кеңесімен бірлесіп ұйымдастырылды. Кездесу барысында ардагерлер мен ақсақалдарға көңіл бөлініп, қажетті қолдау көрсетілді. Академия қызметкерлері аға буын өкілдеріне олардың көп жылғы еңбегі, өмірлік тәжірибесі және жастар тәрбиесіне қосқан үлесі […]

Жаңалықтар

Мектепте жасөспірімдердің құқықтық қауіпсіздігі талқыланды

Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының магистранттары Р. Қошқарбаев атындағы №1 мектептің жоғары сынып оқушыларымен кездесіп, кәмелетке толмағандардың құқықтық қауіпсіздігі мен жауапкершілігі мәселелерін талқылады. Кездесу «Құқықтық көмек» акциясы және «Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында өтті.Оқушыларға нашақорлық пен лудоманияның алдын алу, буллинг пен кибербуллингтен қорғану, вейптерді пайдалану, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта көшеде жүруі, […]

Жаңалықтар

«Тіл шебері – 2026»: үш тіл, сөз дәлдігі және қарым-қатынас мәдениеті

Қазақ, орыс және ағылшын тілдері Академиядағы кәсіби сайыстың өзегіне айналды. «Тіл шебері – 2026» байқауында 12 курсант, магистрант және докторант сөзді дәл қолдану, кәсіби терминологияны меңгеру және ойды үш тілде жеткізу қабілеттерін сынады. Қатысушылардың өнерін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының және Шайсұлтан Шаяхметов атындағы Ұлттық ғылыми-практикалық «Тіл-Қазына» орталығының өкілдерінен құралған шақырылған қазылар алқасы бағалады. Сайыс «Елтаным», […]

Жаңалықтар

Абай идеялары және заманауи өмір салты: Академияда семинар-тренинг өтті

Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында өткен «Толық адам» ілімі: ұлттық құндылықтар мен заманауи көзқарас» атты семинар-тренингте Абай философиясы заманауи тұрғыдан талқыланды. «Толық адам» қағидаттарын күнделікті өмірде қалай жүзеге асыруға болатыны туралы велосаяхатшы Ернат Рахметолла айтып берді. Ағылшын тілі пәнінің оқытушысы, аудармашы және журналист Ернат Рахметолла велошерулер ұйымдастыру бойынша Қазақстанның үш дүркін рекордшысы. Ол […]

Яндекс.Метрика