Жаңалықтар

Әскери қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері Академияда талқыланды

2026 жылғы 3 сәуірде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында докторанттарға арналған «Әскери қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері» тақырыбында бинарлық дәріс өтті. Дәрісті Академияның Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының доценті, заң ғылымдарының кандидаты, кіші әділет кеңесшісі Динара Талғатқызы Амуртаева жүргізді. Сарапшы ретінде Бас әскери прокурор Аппараты басшысының орынбасары, әділет […]

Жаңалықтар

Жекелеген экономикалық қылмыстар бойынша дәлелдемелер жинау ерекшеліктері

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында 2026 жылғы 30 наурыз бен 3 сәуір аралығында «Жекелеген экономикалық қылмыстар бойынша дәлелдемелер жинау ерекшеліктері» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы өткізілуде. Курстың мақсаты – Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі (бұдан әрі – ҚМА) қызметкерлерінің экономикалық құқық бұзушылықтарды тергеу барысында сараптамалық зерттеулерді қолдану және ақпараттық жүйелерді пайдалану бойынша […]

Жаңалықтар

Құқық қорғау органдары академиясында «Базалық цифрлық криминалистика» біліктілікті арттыру курсы

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында «Базалық цифрлық криминалистика» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы басталды. Бұл курс цифрлық дәлелдемелермен жұмыс істеудің практикалық дағдыларын меңгеруге бағытталған прокурорларды даярлаудың үш модульді бағдарламасының екінші кезеңі болып табылады. Курс аясында цифрлық дәлелдемелерді анықтау, тіркеу және алу, оқиға орнындағы іс-қимыл алгоритмдері, деректердің сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ оларды тиісті […]

Жаңалықтар

Халықаралық ғылыми семинар «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру мәселелері бойынша

Құқық қорғау органдарының ведомстволық білім беру сапасын арттыру жылы аясында 2026 жылғы 31 наурызда Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының базасында «Қоғамда заң және тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025–2030 жылдарға арналған тұжырымдаманы іске асыру: басымдықтар, инновациялар, шешімдер» тақырыбында халықаралық ғылыми семинар өтті. Семинарға Ресей Федерациясы Прокуратура университетінің, Саратов мемлекеттік заң академиясының, Өзбекстан […]

Жаңалықтар

Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби сенімділігін лудоманияға қарсы іс-қимыл арқылы нығайту

2026 жылғы 27 наурызда Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің қызметкерлеріне арналған семинар өтті. Іс-шара «Заң мен тәртіп» идеологемасы аясында Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының оқытушылары Амуртаева Д.Т. және Карымсакова А.С. тарапынан ұйымдастырылды. Негізгі назар цифрландыру жағдайында және онлайн-бәс тігулердің қолжетімділігі артып отырған кезеңде мемлекеттік қызметшілердің кәсіби сенімділігіне кері әсер ететін фактор ретінде лудомания […]

Жаңалықтар

Қазақстан Түркі сот-құқықтық даярлау желісіндегі төрағалықты Өзбекстан Республикасына тапсырды

2026 жылғы 18 наурызда онлайн форматта Түркі сот-құқықтық даярлау желісінің отырысы өтті. Оның аясында Қазақстан Республикасы төрағалықты Өзбекстан Республикасына тапсырды. Іс-шараға Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан елдерінің бейінді ғылыми-білім беру мекемелерінің өкілдері қатысты. Аталған Желі прокуратура және сот органдары үшін кадрларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру саласындағы ынтымақтастықты дамыту, тәжірибе алмасу және білім беру […]

Яндекс.Метрика