Қылмыстық іс жүргізу заңнамасын жаңғырту мәселелері бойынша жоғары оқу орындары арасындағы ғылыми-практикалық семинар
29 наурызда Академияда қылмыстық іс жүргізу заңнамасын жаңғырту мәселелері бойынша жас ғалымдардың қатысуымен жоғары оқу орындары арасындағы ғылыми-практикалық семинар өтті. Іс-шараға жоғары оқу орындарының магистранттары, докторанттары мен оқытушылары, құқық қорғау органдары мен құқық қорғау ұйымдарының өкілдері қатысты. Сарапшылар ретінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті қоры директорының орынбасары Игорь Рогов, сондай-ақ қылмыстық іс жүргізу саласындағы басқа да […]