Жаңалықтар

Жауынгерлік ерлігі үшін еске алу

Қосшы кентіндегі Құқық қорғау органдары академиясы аумағында Даңқ обелискінің жанында Ұлы Жеңістің 74 жылдығына арналған «Олар Отан үшін шайқасты» атты ерлік сағаты өтті. Отан қорғаушыларды еске алуға Қосшы ауылдық округінің аумағында орналасқан балалар, олардың немерелері мен шөберелері, тыл ардагерлері, соғыс ардагерлері мен Аналар кеңесінің, ұйымдар мен мекемелердің өкілдері келді. Іс-шараның құрметті қонағы — Ұлы Отан […]

Жаңалықтар

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы алынған қылмыстық кірістерді заңдастыруға қарсы іс-қимыл әдістері туралы

Жаһандық қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік хаб базасында Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің қолдауымен Құқық қорғау органдары академиясы ұйымдастырған «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы алынған қылмыстық кірістерді заңдастыруға қарсы іс-қимыл» тақырыбында семинар-тренинг аяқталды. Оқыту іс-шарасына прокуратура, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, қаржы мониторингі комитеті және экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері қатысты. Спикерлер ретінде құқық қорғау органдарының тәжірибелік қызметкерлері, Академия оқытушылары, Қазақстанның […]

Жаңалықтар

Академия Назарбаев Университетінің ғылыми жетістіктеріне ашық қолжетімділікті ұсынуда тәжірибесін көрсетеді

Құқық қорғау органдары академиясында Назарбаев Университеті кітапханасын цифрлау қызметінің жетекшісі Толқын Жанғұлованың дәрісі өтті, ол университеттің оқытушылары, ғалымдары, сондай-ақ магистранттары мен докторанттарының ғылыми жұмыстарына ашық қол жеткізу тәжірибесімен бөлісті. Ашық қол жеткізу-бұл Интернет желісіндегі ғылыми жарияланымдарға еркін, тегін қол жеткізуді қамтамасыз етуге ұмтылатын халықаралық академиялық қозғалыс. Ашық қолжетімділікті беру тұжырымдамасын іске асырудың маңызды құралы институционалдық […]

Жаңалықтар

Өзара тиімді ынтымақтастық рухында

Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы мен Ресей Федерациясы Тергеу комитетінің Мәскеу академиясы арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Келісім өнімді кәсіби байланыстарды жолға қоюға, заң кадрларын даярлау бойынша күш-жігерді біріктіруге, бірлескен ғылыми-білім беру жобаларын іске асыруға мүмкіндік береді. Белгіленген мақсаттарды іске асыру және инновациялық академиялық әлеуетті тиімді пайдалану үшін өзара іс-қимылдың әр түрлі […]

No Picture
Жаңалықтар

Адам саудасының әр түрлі нысандарына жәрдемдесетін ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың рөлі

2019 жылғы 18-19 сәуірде Атырау қаласында Құқық қорғау органдары академиясы жаһандық қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл жөніндегі Өңірлік хабтың жұмысы шеңберінде адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша тренинг өткізді. Аталған тренинг көшпелі оқыту іс-шараларының топтамасында екінші болып табылады және құқық қорғау органдарының қызметкерлерін Қазақстан Республикасындағы адам саудасының жаңа нысандары мен әдістерін тануға үйретуге бағытталған. Іс-шараға Атырау облысының […]

Жаңалықтар

Экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері оқытудан өтті

«Экономикалық қызмет саласындағы жеке қылмыстық құқық бұзушылықтарды тергеу» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курстары аяқталды. Оқытудан Қаржы мониторингі комитетінің экономикалық тергеу қызметінің орталық және аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері өтті. Оқу бағдарламасы қызметкерлердің өз міндеттерін тиімді орындауы үшін теориялық және практикалық білімді, қажетті дағдыларды және қабілеттерді тереңдетуге және кеңейтуге бағытталған. Осыған байланысты, оқу жоспарын әзірлеу барысында экономикалық құқық бұзушылықтарды […]

Яндекс.Метрика