
Құқық бұзушылықтардың профилактикасында құқық қорғау органдары мен қоғамды біріктіру мәселелері талқыланды
Академияда мүдделі мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатысуымен «Құқық бұзушылыққа мүледем төзбеушіліктің өзекті мәселелері» атты ғылыми зерттеу бойынша ведомствоаралық жұмыс тобының отырысы өтті. Жиында Ведомствоаралық ғылыми-зерттеу институтының директоры Айдар Сәсенов төрағалық етті. Отырыс барысында жұмыстың негізгі бағыттары, мақсаттары және басты міндеттері анықталды. Талқылау барысында азаматтардың құқық қорғау органдарына сенімін одан әрі арттыру, олардың […]