Тәуелсіздік мерейтойының құрметіне Академияда өткен салтанатты жиын туралы
Бүгін Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдарының академиясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиын өтті. Академия ректоры Ұлан Байжанов ұжымды айтулы оқиғамен құттықтай отырып, мемлекеттің дамуы үшін егемендігіміздің маңызын, жас мемлекеттің қалыптасуының негізгі кезеңдерін атап өтті. Мыңжылдықтар тоғысында мемлекетіміздің қалыптасу жылдары Қазақстанның жаңа тарихына экономиканың, әлеуметтік, мәдени және саяси жүйенің ілгері дамуына бағытталған […]