Біліктілікті арттыру саласындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды
Бүгін Академия басшысы Наиль Ахметзакиров Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Ардақ Теңгебаевпен кездесті. Тараптар кадрларды даярлау және қайта даярлау саласындағы ынтымақтастық мәселелерін, экономикалық қылмыстармен күрес саласында бірлескен зерттеулер жүргізу мәселесін талқылады. Н. Ахметзакиров күш құрылымдары қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыру, өзекті құқықтық мәселелер бойынша қолданбалы зерттеулер жүргізу саласында Академия жұмысының негізгі нәтижелері туралы айтып берді. […]