Жаңалықтар

Әйелдер терроризмі феномені туралы

Бүгін Құқық қорғау органдарының академиясында Өңірлік xабтың жұмысы шеңберінде «Әйелдер терроризмі: даму үрдістері және оған қарсы күрес әдістері» тақырыбында алғашқы дөңгелек үстел өтті. Оның жұмысына бірқатар мүдделі мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, ғылыми қоғамдастықтың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, xалықаралық және ұлттық сарапшылар қатысты. Іс-шара әйелдердің террористік қызметке қатысу проблемаларын, бұл феноменге қарсы күрестің тиімді стратегиясын […]

Жаңалықтар

Қаржылық қылмыстарды тергеудің тиімділігін арттыру үшін

Мемлекет басшысының Қазақстан xалқына жолдауын және «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын орындау мақсатында 2018 жылдың 26-27 наурызында Құқық қорғау органдарының академиясы Өңірлік xабтың жұмысы аясында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті қорының және «IRZ» Германдық xалықаралық құқықтық ынтымақтастық қорының қолдауымен электронды ақша мен виртуалды валюталарды қолдану нәтижесінде алынған қылмыстық кірістерді заңдастырумен күрес мәселелері бойынша семинар өткізді. Семинардың басты […]

Жаңалықтар

Этносаралық келісімді нығайта отырып

Құқық қорғау органдары академиясының қызметкерлері мен тыңдаушылары Алғыс айту күнін атап өтті. Бұл күн Қазақстан Респбуликасы Президентінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы Жарлығына сәйкес 1 наурыз күні 30-40-шы жылдары Қазақстанда жаппай депортациялау кезінде түрлі ұлт өкілдерін өз туғанындай қабылдағаны үшін барлық этностардың бір-біріне және қазақтарға алғыс айту күні ретінде белгіленген. Іс-шараның басты мақсаты – қызметкерлерде толеранттылық […]

Жаңалықтар

Жеке өмірге қол сұғылмаушылық проблемалары бойынша

Бүгін Бас прокуратурада Криминологиялық форумның шеңберінде жеке өмірге қол сұғылмаушылық мәселелері бойынша дөңгелек үстел отырысы өтті. Іс-шараны Бас прокуратура және Құқық қорғау органдарының академиясы Еуропалық Одақтың «Қазақстандағы қылмыстық сот төрелігін жетілдіру» жобасының қолдауымен ұйымдастырып отыр. Форум жеке өмірге қол сұғылмаушылыққа азаматтардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету проблемаларына арналған. Іс-шараға депутаттық корпустың, құқық қорғау және арнайы органдардың, […]

Жаңалықтар

Резервистерге арналған біліктілікті арттыру курстары

Құқық қорғау органдарының академиясында облыс прокуратурасының басқарма басшысы, аудан (қала) прокуроры және облыс прокурорының орынбасары лауазымдарына кадрлық резервте тұрған прокуратура органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстары басталды. Бұл тыңдаушылардың төртінші легі, сондай-ақ жыл басынан бері оқудан осы санаттың 70-тен астам қызметкері өтті. Оқытудың негізгі мақсаты – тыңдаушылардың басқарушы лауазымдарға тағайындалуы үшін қажетті кәсіби дағдылары мен басқарушылық […]

Жаңалықтар

Алматы прокуратурасы қызметкерлеріне арналған қайта даярлау курстары

Алматыда қала прокуратурасының қызметкерлері үшін «Қылмыстық және қылмыстық — процестік заңнаманы қолдану мәселелері» тақырыбында біліктілікті арттыру курстары ашылды. Тренинг Құқық қорғау органдары академиясы өкілдігі және қала прокуратурасының Аппаратымен бірлесіп ұйымдастырылды. Курстар прокурорларға жаңа маңызды өкілеттіктер беретін заңнамалық өзгерістерді жүзеге асыру аясында өткізілуде. Сондықтан қайта даярлаудан осы уақытқа дейін прокурорлық қызметтің өзге салаларында қызмет еткен және […]

Яндекс.Метрика