Жаңалықтар

ХАБАРЛАНДЫРУ

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы 2026 жылғы 26 шілдеге дейін магистратура мен докторантураға оқуға түсу үшін құжаттарды «Open Academy» цифрлық жүйесі арқылы қабылдайды. Құжаттарды келесі сілтеме бойынша тапсыруға болады: talapker.prokuror.gov.kz. («Open Academy» цифрлық жүйесінде тіркелу және құжаттарды тапсыру жөніндегі нұсқаулық қоса беріледі.)  

Жаңалықтар

Жасанды интеллект, киберқауіпсіздік, ғылыми зерттеулер және жаңа Конституция – Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясын трансформациялаудың негізі

2026 жылғы 16 шілдеде Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асылов Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының магистратурасы мен докторантурасы түлектеріне диплом тапсырудың салтанатты рәсіміне қатысты. Іс-шараға Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, құқық қорғау және арнаулы органдардың басшылары, сондай-ақ Maqsut Narikbayev University, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана халықаралық университеті, Astana IT […]

Жаңалықтар

Байқоңырда Қазақстан мен Ресей құқық қорғау органдары өкілдерінің бірлескен кездесуі өтті

Байқоңыр қаласында құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша қаланың және Қызылорда облысына қарасты жақын маңдағы елді мекендердің құқық қорғау органдары басшыларының қатысуымен кеңейтілген жұмыс кеңесі өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры Нұрғалым Әбдіров, Қызылорда облысының прокуроры Ризабек Ожаров, екі елдің құқық қорғау және өзге де уәкілетті мемлекеттік органдарының өкілдері, […]

Жаңалықтар

Құқық қорғау органдары академиясы Прокуратура органдарының ардагерлер күнін атап өтті.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы Прокуратура органдарының ардагерлер күніне арналған салтанатты іс-шара өткізді. Іс-шараға прокуратура органдарының ардагерлері, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының қызметкерлері және Академия ұжымы қатысты. Академия басшылығы ардагерлерді кәсіби мерекемен құттықтап, көп жылғы мінсіз қызметі, жоғары кәсібилігі және заңдылықты нығайтуға, прокуратура органдарын дамытуға және прокурорлық қызметтің үздік дәстүрлерін сақтауға қосқан […]

Жаңалықтар

Профайлинг қауіптердің алдын алу құралы ретінде: Академияда мамандандырылған тренинг өтті

2026 жылғы 8-9 шілде күндері Құқық қорғау органдары академиясында Астана қаласы прокуратура органдарының қызметкерлеріне арналған профайлинг негіздері бойынша тренинг өтті. Оқу бағдарламасы мінез-құлықты талдау әдістерін қолдану арқылы ықтимал қауіпті мінез-құлық белгілерін анықтау және болуы мүмкін қауіптердің алдын алуға бағытталған базалық білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыруды көздеді. Тренинг барысында қатысушылар осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз […]

Жаңалықтар

Практикаға бағдарланған ғылым: Құқық қорғау органдары академиясында докторлық диссертациялар сәтті қорғалды

2026 жылғы 3 және 4 шілде күндері Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында докторанттар Бауыржан Туреханович Уразалиннің, Марат Еркенович Аширбековтың және Гульнар Файзоллаевна Кайырбекованың докторлық диссертациялары сәтті қорғалды. Диссертацияларды қорғау 2026 жылғы 1 шілдеден бастап заңнамалық өзгерістердің күшіне енуіне байланысты мемлекеттің конституциялық-құқықтық жүйесінің жаңа даму кезеңінің басталуымен сәйкес келді. Бұл заң үстемдігі […]

Яндекс.Метрика